Құрылуы тарихы
Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік агроазық-түлік бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы 889 Жарлығымен (4-бөлім, 4.1-тармақ), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы 1156 «Ақтау портында астық терминалын салу мәселелері туралы» қаулысында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 шілдедегі 777 қаулысымен бекітілген «Азық - түлік келісім-шарт корпорациясы" "ҰК" АҚ 2003-2005 жылдарға арналған даму жоспарында Ақтау портында жаңа астық терминалын салу көзделген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы №1156 қаулысымен «Азық - түлік келісім-шарт корпорациясы" "ҰК" АҚ-на «НК «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» АҚ аумағында кемінде 2 гектар жер учаскесін бөлу туралы шешім қабылданды.

2002 жылғы 21 қарашада «Азық - түлік келісім-шарт корпорациясы" "ҰК" АҚ директорлар кеңесі Ақтау теңіз портында астықты ауыстырып тиеу және басқа да функцияларды жүзеге асыру үшін астық терминалын басқаруға арналған «Асыл-Бидай» ЖШС еншілес кәсіпорнын құру туралы шешім қабылдады.

2003 жылы астық терминалы «Асыл-Бидай» ЖШС мен «Қазақстан НС Астық Пулы» ЖШС-нан сатып алынды.

2003 жылғы тамызда «Ақ Бидай» ЖАҚ-ты «Ақ Бидай-Терминалы» АҚ-ға қайта ұйымдастыру нәтижесінде бұрын «Асыл-Бидай» ЖШС-ға жүктелген барлық қызмет түрлері «Ақ Бидай-Терминалы» АҚ-нің құзыретіне берілді.

2005 жылғы шілдеде Қоғамның 100% акциясы «Азық - түлік келісім-шарт корпорациясы" "ҰК" АҚ-ға берілді.

Ақтау портында астық терминалын құрудың мақсаты – қазақстандық астық экспортын тұрақтандыру және кеңейту. Басты міндет – Каспий теңізінде қазақстандық астықты экспорттауға арналған инфрақұрылымды құру.

"Ақ Бидай-Терминалы" АҚ
Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма 8.30-18.00
Терминал: тәулік бойы

+7 (7292) 502-377
526-534,526-554
akbiday_aktau@mail.ru
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 7, 43 өнеркәсіптік аймақ
Made on
Tilda