Жалпы ақпарат
"Ақ Бидай-Терминалы" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша қазақстандық астықты Каспий теңізі арқылы экспорттау инфрақұрылымын құру және кеңейту мақсатында құрылған. Компания 2005 жылдың наурыз айында тіркелген және «Азық - түлік келісім-шарт корпорациясы" "ҰК" АҚ еншілес құрылымы болып табылады.
"Ақ Бидай-Терминалы" АҚ негізгі қызметі Ақтау портында теміржол көлігінен теңіз кемелеріне астықты тиеу болып табылады. Терминал жалпы көлемі 22,5 мың тоннаны құрайтын 11 силоспен уақытша сақтау үшін жабдықталған. Астықты ауыстырып тиеу бойынша терминалдың өндірістік қуаты жылына шамамен 600 мың тоннаны құрайды. Күн сайын терминал 50-ге дейін теміржол вагонын қабылдай алады, бұл шамамен 3,5 мың тонна астықты құрайды.
Терминал тәулік бойы жұмыс істейді және белсенді желдету жүйесімен, жоғары дәлдіктегі электронды таразылармен және технологиялық циклды басқарудың автоматтандырылған жүйесімен жабдықталған, бұл қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
"Ақ Бидай-Терминалы" АҚ сондай-ақ Қазақстан, Әзірбайжан және Иранда тиімді астық терминалдарының жүйесін құрды:
Говсаны портындағы Бакин астық терминалы, Әзірбайжан: Өндірістік қуаты жылына шамамен 600 мың тонна астықты құрайды. Диірмен кешені жылына 50 мың тонна өнім шығарады.
Амирабад Грейн Терминал Киш Амирабад портында, Иран: Бұл жоғары технологиялық әмбебап астық терминалы Каспийдегі ең ірісі болып табылады және жылына шамамен 700 мың тонна астықты ауыстырып тиеуге қабілетті.
Бұл терминалдар астықты Каспий теңізі арқылы Иранға, Әзірбайжанға және әрі қарай Қара және Жерорта теңіздеріне, Парсы шығанағына, Арабия және Қызыл теңіздеріне сенімді экспорттауды және транзитті қамтамасыз етеді. Терминалдар жүйесі дамып, өзінің тиімділігін арттыруда.
Барлық терминалдар тәулік бойы жұмыс істейді және технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерімен жабдықталған, бұл көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын кепілдендіреді."